Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы екі есе қымбаттайды

1059
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы екі есе артпақ. Бұл туралы informburo.kz Көлік министрлігіне сілтеп жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа тарифке сәйкес, баға екі есе өседі:

  • Жеңіл автомобильдер үшін – 0,14 АЕК;
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,16 АЕК;
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,28 АЕК;
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,32 АЕК;
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – 0,4 АЕК;
  • Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар автомобильдер үшін – 0,44 АЕК. 

Сәйкесінше, айлық және жылдық абонементтер құны да екі есе өседі. 

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс жолақысын уақытылы төлеу мақсатында енгізіліп отыр. Осы орайда, жол ақысын 15 күннен кешіктірмей төлеген жолаушылар 50 пайыздық жеңілдікке ие болады. 

Бұған дейін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы 2024 жылғы қаңтарда да өскен болатын. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер