Бизнесті тексеруге арналған мораторий аяқталды

2025
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» Жарлығының мерзімі аяқталды.

Бастапқыда мораторий 2023 жылғы қаңтарда аяқталады деп жоспарланған. Алайда былтыр президент оның мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Осылайша шағын бизнесті тексеруге мораторий 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аяқталды.

Биылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды деп күтілуде.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер