Экс-министр Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі ұзарды

2237
Adyrna.kz Telegram
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция шығарды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, қазан айында экс-министр лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталған болатын. Антикордың баспасөз қызметінің айтуынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі қызметін атқарды. 2022 жылғы қаңтарда Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалып, бұл лауызымнан 2022 жылғы желтоқсанда босатылды.

  

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер