"40 пайызға жетсе, қаржылық мәселелер басталады". Елдің мемлекеттік қарызы қанша?

1279
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Депутат Ерлан Саиров мәжіліс отырысында мемлекеттің қарызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Депутат Ерлан Саиров бюджет кодексінде мемлекеттік қарызды реттеу тетіктері қарастырылуы тиіс екенін айтты.

"Квазимемлекеттік сектормен қосқанда мемлекеттік қарыз 105 миллиард долларға жетті, бұл бүкіл бюджеттің 40 пайызы. Мемлекеттік қарыз 40 пайызға жететін болса, онда елде қаржылық мәселелер басталады. Бұрын кейбір елдер, Аргентина, Греция дәл осындай проблемадан егемендігінен айырылып қалды. Бұл ең алдымен елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, мұндай қарыз проблемалары салдарынан кейбір мемлекеттер егемендігінен айырылған, бұл өте маңызды мәселе", - деді мәжілісмен.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттың сауалына жауап берді.

"Бұл мәселе тек депутаттарды ғана емес, бізді де алаңдатады, өйткені мемлекеттік қарыздың өсуі жақсы емес. Соған қарамастан, бүгінде барлық ковенант жоғары деңгейде. Біз мемлекеттік қарызды көбейтпеу шараларын қабылдап жатырмыз", - деді Жамаубаев.

Бюджет кодексінің жобасы қаралып, бірінші оқылымда қабылданған болатын. Бірақ депутаттардан сын көп болды. Сол себепті екінші оқылымда Үкіметке қажетті өзгерістерді енгізу ұсынылды.

"Жалпы мемлекеттік қарыз мәселесі мемлекеттің ерекше бақылауында. Бюджет кодексі, талдау барысында айтқанымдай, ЕО халықаралық ұйымдарының сарапшылары... зерттеуі өте тиімді, сонымен қатар нақты құжат болуы керек. Механизм ретінде, мүмкін, тапшылықты көрсете аламыз, бірақ осы тапшылықтарды өтеуге бағытталған қарыздар, оны қандай баптарда көрсетеміз - жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, депутаттық корпуспен бірлесіп жұмыс істейміз. Екінші оқылымға дейін шешім қабылдаймыз", - деді вице-премьер.

Пікірлер