«Әйелін ұрып өлтірді» деп айыпталған Бишімбаевтың әкесі журналистердің үстінен арыз жазған

1839
Adyrna.kz Telegram

«Әйелін ұрып өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев бірқатар журналист пен блогерлердің үстінен полицияға арыз түсірген. Ол БАҚ өкілдері ұлы мен отбасына тіл тигізді деп есептейді. Бұл жөнінде «Гиперборей» арнасының авторы Вадим Борейко жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Сот-психиатриалық сараптамасын негізге ала отырып, сот Бишімбаевтың қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс болмаған деп мойындайды. Яғни өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Біздің психиатр сарапшылардың арасында тығырыққа тірелген істерден алып шығатындары бар», - дейді Борейко. 

Бишімбаевтың арызында журналистің сөздері ұлына, отбасы мен сарапшы психиатрларға тіл тигізу деп көрсетілген. Ал Борейко «сөздерім нақтылау емес, жеке болжам» дейді.

Айта кетейік, 9 қарашада Бишімбаевтың әйелін өлімші етіп сабап, өлтіріп тастағаны туралы ақпарат таралды. Ал 10 қараша күні экс-министр 2 айға қамауға алынды.

 

Пікірлер