Астанадағы тіркелген интернет жылдамдығы Ташкент пен Бішкектен төмен

3023
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан мобильді интернет бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ookla компаниясы әлем елдеріндегі интернет жылдамдығын зерттеп, арнайы рейтинг жасады.

Тіркелген интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 51,41 Мбит/с көрсеткішпен 94-ші орында. Бұл көрсеткіш бойынша көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде интернет жылдамдығы жоғары болып шықты.

Өзбекстан - 90, Қырғызстан - 91, соғыс қимылдары жүріп жатқан Ресей мен Украина 55 және 67 орындарда. Ал Қытайда интернет жылдамдығы 248,92 Мбит/с құрап, үздік  төрттіктің қатарына кіреді.

Иран мемлекеті 181 мемлекеттің арасында 154 орынға жайғасқан. Ең төмен интернет жылдамдығы Ауғанстан мен Кубада болып шықты. Ал 324,92 Мбит/с жылдамдықпен БАӘ мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер тізімінде бірінші орында тұр.

Ookla компаниясы анықтаған рейтинг бойынша мобильді интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан орташа есеппен 35,49 Мбит/с көрсеткішті құрайды. 145 мемлекеттің қатарында еліміз 67 орында тұр.

Еске сала кетейік, жыл басында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернетке көңілі толатынын айтқан болатын. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер