Астанадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы қалпына келтірілуде

1186
Adyrna.kz Telegram
Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik / Владислав Воднев

LRT желісі жобасы аясында Сауран және Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы Сығанақ көшесінің бойына монолитті темірбетонды арқалық орнату жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы City Transportation Systmes көлік кешенін басқару операторына сілтеме жасап.

Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпірінің оңтүстік жағына дейін қозғалыс 25 желтоқсанда қалпына келтіріледі деп уәде етілген. Ол Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта уақытша құрылыстарды бөлшектеу және алаңды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«Сондай-ақ біз барлық жол қозғалысына қатысушылардан қиылыстардан өту кезінде қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерге назар аударуды және сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», - деді City Transportation Systems.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер