Қарқаралыға қасқыр шапты

1392
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dzen.ru
Сурет: dzen.ru

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұрғындарға қасқыр шапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің айтуынша, түз тағысы үш адамды жарақаттаған.

«Таулы-орманды өлкеде боран соғып тұрғандықтан ізге түсу қиынға соқты. Алайда жүргізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қарқаралы қаласының тұрғындарына шапқан қасқырды тауып, көзін жойды. Зардап шеккендерге құтырма ауруына қарсы екпе салынды»,—деп түсіндірді полицейлер.

Пікірлер