Шавкат Рахмонов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2707
Adyrna.kz Telegram
Фото: Шавкат Рахмоновтың Instagram парақшасынан
Фото: Шавкат Рахмоновтың Instagram парақшасынан

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Спортшы шаршы алаңдағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында командамен бірге Қазақстанның Туын ұстап тұрған фотосын жүктеп, құттықтауын жазды.

"Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ Елі, жеңіспен", - деп жазды жекпе-жек шебері.

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жеткен. Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.

Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде қылқындыру әдісімен 6-рет қатарынан жекпе-жекте уақытынан бұрын жеңіске жетіп, тарихқа енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер