Қостанай облысында екі адам мұз арқылы жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 желтоқсан күні 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын кешкі сағат 20:00 шамасында Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан өзен бетіндегі мұз опырылып, екі адам суға түсіп кеткен.
Қостанай облысының төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде жетіп, суға түскендерді құтқарып қалды.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірген.
Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрғаны анықталды.
Қазір суға батқан екі ер адамдар дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз