Қазақстанның батыс аймақтарында циклон күтілуде

4678
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжауынша, 2023 жылдың 16 желтоқсаны кештен 21 желтоқсанға дейін еліміздің батыс аймағынан жақындаған циклонның әсерінен ауа райының нашарлауы күтілуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы бірнеше тәулікте бірқатар өңірлерде ауа райының қолайсыздығы күтілуде: жауын-шашын көп, ауа температурасы төмендейді, көктайғақ, екпінді жел.

Сонымен бірге ағымдағы жылдың 16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында басымырақ болмақ. Қалың қар жауып, екпінді жел мен бұрқасын болады.

Әрі қарай, 18 желтоқсаннан бастап циклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөлігіне ауысады.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі.

500-ге жуық арнайы техника мен 700 жол қызметінің кезекші қызметкерін іске тарту жоспарлануда.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер