«Желтоқсан қарлығашы» Күлімхан Өскенбаева дүниеден озды

2310
Adyrna.kz Telegram

Бүгін таңда Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Күлімхан Өскенбаева дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы ақын Аманғазы Кәріпжан өз Facebook парақшасында көңіл айтып, жазба жариялады.

«Желтоқсан қарлығашы желтоқсанның 37-ші таңын бүгін бақилық ғұмырмен қарсы алғанын естіп отырмыз. Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Күлімхан Өскенбаевадан (Усканбаева) да айырылып қалдық. 1986 жылы осы күндерде алған жарақаттың соңы 37 жылдан соң өзі әкелген Тәуелсіздік мерекесін, яғни дәл бүгінгі таңды ажал оғымен қарсы алуға мәжбүрлейді деп кім ойлаған», - деп жазған ақын өз жазбасында.

Күлімхан Өскенбаева - Желтоқсан оқиғасының қаһарман қызы. «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысының белсенді мүшесі. Сол жылғы оқиғаға байланысты ІІ-топтағы мүгедегі атанған.

Күлімхан Өскенбаеваның өз естелігінен:

«18 күні өзім де басымнан таяқ жедім, қазір ІІ-топтағы мүгедекпін. Дәметкенді құтқарамын дегенде басыма бірдеңе тиді. Көзі-басымды қан жауып кетті. Жанымда Айжан, Пернеқыз деген қыздар бар, есімді білмеймін, олар мені құтқарып қалды. Дәметкенің белінен ұрған, әлі күнге дейін бір жағы кеміс. Алаңға барғанда Роза Бағланова жылап тұрып «Қыздар, балдарым, кетіңдер!» деп айтты. Біз тыңдаған жоқпыз. «Менің Қазақстанымды» айтып, тізерлеп отырдық. Отырғандарды машина баспайтын шығар деп едік, оған да қараған жоқ».

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер