Сауда министрі жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

2099
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жаңа жылда азық-түлік бағасы қалай өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, мониторинг жүргізіледі.

«Тексеру жүріп жатыр. Біріншіден, мониторингті ұлттық статистика бюросы жүргізеді. Біз бұл деректерді пайдаланамыз. Мен сізге соңғы деректерді беремін. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өзгермеген, индексі 0. 19 позицияда өзгеріс жоқ»,—деді министр.

Арман Шаққалиев жаңа жылдық дастарханға байланысты баға индексінде өзгерістер болатынын айтты.

«Жаңа жылдық дастарханнның баға индексі бойынша мерекелік қоржынға қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Мәселен, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты кейбір позицияларда белгілі бір өзгерістер бар»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер