“Екпе алмаған”. Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

1351
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен

Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Бұл туралы “Костанайские новости” басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, көкжөтел жұқтырған бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғандары бір жастан беске дейінгі балалар. 

Балалар бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны атап өтілді. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан.

"Көкжөтел - Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмал жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және жүйке жүйесі зақымдалады", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін. Ең тиімді профилактикалық шара - екпе алу. Вакцинация ата-анасының рұқсатымен балаларға жүргізіледі.

Пікірлер