Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздің басым бөлігінің басқа уақыт белдеуіне көшуі туралы пікірімен бөлісті. Оның пайымдауынша, сағаттық белдеудің әсерінен көптеген қазақстандықтар қатерлі ісікке шалдығып, өз-өзіне қол жұмсайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Ғалымдар уақыт белдеулері адамға өте үлкен әсер ететінін атап өтті, оның ішінде суицид пен суицидтік үрдістерге қатысты мәселе де бар. Бүгінде бұл мәселеге екі облысты – Шығыс Қазақстан облысы мен Алматыны алаңдатып отырғанын жалпылап, айта аламыз. Қазір көбі: «Енді бір сағатқа ерте тұрамыз ба? Енді жұмыс уақытымыз ұзара ма сонда» деген сұрақтар қоюда, - деді Арман Шаққалиев ktk.kz порталына.
Қазір елді біртұтас уақыт белдеуіне көшіру жобасы қоғамдық талқылау сатысында. Құжат қазірдің өзінде азаматтардың теріс реакциясын тудырды. Бірақ, министрдің айтуынша, бұл ұсынысқа қарсылық білдірушілер өз ұстанымдарын дәлелдей алмайды. Министрліктің қолында ғалымдар мен сарапшылардан құралған тұтас комиссияның қорытындысы бар. Қазір Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, оның бірі еліміздің батысында. Ғалымдар бұл азаматтардың биологиялық ырғағы үшін ең дұрыс екеніне сенімді. Елдің біртұтас уақыт белдеуіне көшуі 1 наурызда жүзеге асуы мүмкін.
Ведомствоаралық жұмыс тобының өкілдері бұған дейін елордада өткен брифингте бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешімді жариялаған болатын.