Отандық фильмдер арасындағы жаңа рекорд. Дариғаның фильмі топ жарды

4857
Adyrna.kz Telegram

«Таптым ау сені» романтикалық комедиясы прокатқа шыққалы 10 күннің ішінде миллиард теңгеден астам табыс тауып үлгерді, деп жазады "Адырна" порталы.

Фильмнің кассалық түсімдері (2023 жылдың 1 желтоқсаны мен 2023 жылдың 10 желтоқсаны аралығында) 1 100 000 000 теңгені құрады және Kinopark-Kinoplexx Theatres ірі кинотеатрлар желісі өкілдерінің пікірінше, бұл отандық прокат үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.

«Фильмнің бюджеті жоғары болса немесе шетелде түсірілсе және премьерасы жақсы күнге жоспарланған болса ғана миллиардтарға мүмкіндік бар деген ортақ пікір бар. Факторлар кассалық фильмнің тағдырына әсер етеді: «Таптым-ау сені» романтикалық комедиясы 1 желтоқсанда шықты, ол толығымен Қазақстанда түсірілген және кассада миллиардтаған ақша жинаған фильмдермен салыстырғанда өте қарапайым бюджетке ие. Жасаушылар табысқа жету формуласын тапқаны сөзсіз», - деп атап өтті Kinopark-Kinoplexx театрларының өкілдері.

Фильмдегі басты рөлдерді қалың жұртшылыққа Ochooou лақап атымен танымал танымал актерлар Олжас Абай мен продюсерлік қызметті атқарған Дариға Бадықова сомдады.

"Әуелі құдай! Маған тілектес болған жанның әрбіріне Құдай тілеуін берсін" деп жазды кино актрисасы әрі продюсері Дариға Бадықова инстаграмында.

Фильмде қарапайым ауылдық өмір мен қыз бен жігіт арасындағы достық, қазақ отбасындағы қыздың рөлі және тұрмыстық мәселелер қозғалады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер