Ердоған: "Әділетті әлем мүмкін" деп айтамыз, бірақ бұл АҚШ-пен мүмкін емес

2201
Adyrna.kz Telegram

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты сынады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі gazeta.ru-ға сілтеп.

"АҚШ-тың қатысуымен әділетті әлемге айналу мүмкін емес" деген Түркия президенті БҰҰ отырысында сөз сөйледі.

Ердоғанның пікіріннше, БҰҰ Израильді қарумен қамтамасыз етіп, қорғайтын кеңсеге айналған.

"Бізде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үміт қалмады. Біз езушілердің жауымыз, езілгендердің қорғаушыларымыз, олар кім болса да. Мұндай қиын уақытта қақтығысты тоқтату үшін Түркия өз әрекетін жасай береді", — деп қосты Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты сынның астына алды.

"Өкінішке орай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бір тұрақты мүшенің-АҚШ — тың кесірінен атысты тоқтату туралы қарар қабылданбады. Біз "әділетті әлем мүмкін" деп айтамыз, бірақ бұл АҚШ-пен мүмкін емес", - деді Ердоған.

8 желтоқсанда Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды "газа қасапшысы" деп атаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер