QARMET компаниясының бас директоры тағайындалды

5241
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Бүгін, 8 желтоқсан күні Теміртауда өткен компания ұжымымен кездесуде Андрей Лаврентьев QARMET компаниясының бас директорын таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл қызметке 60 жастағы Вадим Басин тағайындалды.

Ол еңбек жолын металлургия комбинатында электромонтер болып бастаған. Ұлттық құрылтай мүшесі, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері.

Басин 2022 жылғы қазан айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртауды» Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер