Еуропалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздейді (ВИДЕО)

5496
Adyrna.kz Telegram

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы туған анасын іздейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Отандастар» қорының вице-президенті Олжас Беркінбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

«Сіздерден көмек сұрап отырған жігіттің есімі – Жәнібек, бірақ қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен. Туған анамның үшінші баласы болуым мүмкін дейді ол. Фламанд тілінде өскен ол қазақша не орысша білмейді. Есесіне ағылшын, испан, француз, неміс тілдерінде сөйлейді. Қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген. Осы күндері Астанада, өзінің туған әке-шешесін іздеп келіпті»,—деп жазды ол.

Айтуынша, ЭддиЖан 20 желтоқсанда Испанияға ұшып кетеді. Сол себепті ол қазақстандықтардан анасын табуға көмектесуін сұрап отыр.

«Туған әке-шешемнен түк керек емес, тек анамның жүзін көріп, бір рет құшақтап, жүрегімді тыншытсам болды деген Жәнібек мына видеоны бүгін неше рет түсіргенін білсеңіз ғой... 20 желтоқсан Астанадан Испанияға ұшып кететін Жәнібек баршаңыздан көмек күтіп отыр. Қазақстан тым алыс, енді қашан келерім белгісіз, мұнда түрім қазақ, тілім өзгеше, бәрі біртүрлі қарайды дейді. Мальоркада ол атбегілікпен айналысады. Жылқыны жақсы көреді екен. Барынша таратып, қандасымызға қол ұшын созып жіберейік, ағайын!»—деді Олжас Беркінбаев.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер