Базардың тарихи келбеті мен оның мәдени құндылығы сақталады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданын аралау барысында қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан қаланың көрнекті және көне орындарының бірі «Көк базарға» барды.
Павильондарды жаңғырту 2023 жылдың шілдесінде басталды, оны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге ҚазҚСҒЗИ зерттеу қорытындысы алынды. Қайта құру кезінде базар штаттық режимде жұмыс істеп тұрады.
Мегаполистің орталық базар құрылымдарының қатты тозуына байланысты жаңғырту туралы шешім қабылданды. Қала басшысының тапсырмасымен жұмыс қорытындысы бойынша сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай мен сауданың заманауи форматына көшу мүмкіндігі жасалады.
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев Алматы әкіміне жобаны жүзеге асырудың кезеңдері мен перспективасы туралы баяндады. Осылайша, инженерлік желілерді қайта құру қарастырылған, қазірдің өзінде ол 40%-ға аяқталып, сауда алаңдары жаңғыртылып, кіреберісті күшейтіліп, жаңартылды. Сонымен қатар, Жібек Жолы көшесі жағынан іргелес аумақты абаттандыру жүргізіледі, жаңа қоғамдық кеңістік – қала тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.
Ерболат Досаев «Көк базарды» жаңғыртуды жүргізу Мемлекет басшысының биыл Қазақстан халқына Жолдауына, анығы, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша айтқан міндетіне сай келетінін атап өтті.
«Көк базар – қаладағы ерекше орын. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтары сауда жасауға келіп қана қоймай, оның ерекше атмосферасын сезінеді. Оның бұзбай сақтап, төбесі жабылған базар жасаған жөн. Бастысы ретке келтіру, бірақ «Көк базардың» қаланың мәдени меншігі және туристік орны болып қала беруі маңызды. Себебі Алматы «Көк базарсыз» – Алматы емес, сондықтан қаламыздың тарихи орталығын сақтауды сұраймын», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін, 2017 жылы қала базарларын жаңғырту аясында «Көк базарда» құрылыс жұмыстары жүргізілді: ашық контейнерлік қатарлардың орнына ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа «Қысқы павильон» салынды, оның жартысы сауда алаңына, екінші бөлігі 400 орындық екі деңгейлі автопаркингке бөлінді. Жобаға шамамен 2,5 млрд теңге қаржы жұмсалды.