Орал оқиғасы кезінде өңірді басқарған әкім қайтыс болды

2146
Adyrna.kz Telegram

83 жасында мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

1941 жылы 5 қыркүйекте Астрахан облысы, Краснояр ауданы, Байбек ауылында дүниеге келген. 1991 жылдың ақпанынан 1993 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің басшысы болды. Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы, Өзбекстандағы және Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін де атқарған. Ол Орал қаласының құрметті азаматы болды.

Нәжімеден Ықсанұлы Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі Ғали Есқалиевтің әкесі. Сондай-ақ, ол 1991 жылы Орал оқиғасы кезінде облыстағы партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде белгілі.

Еске сала кетейік, 1990 жылы қараша айы ішінде қала шіркеуінде казактардың әскери рәміздерін ұлықтау шарасы өтті. 1990 жылы 30 қарашада Краснодарь қаласында казак атамандар одағының бірінші кеңейтілген Кеңесі өтіп, онда «Ресей казактарының Декларациясы» қабылданды. Қазақстан жеріндегі Ертіс, Жетісу, Жайық казактары мәселесі Ресей казактарының құрамдас бөлігі ретінде осы құжатқа кірді. Кейіннен ел жадында бұл жағдайлар "Орал оқиғасы" деп аталып кетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер