Жаяу адам қаза тапты. Көлік жүргізуші мас болған (ВИДЕО)

2358
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Астанада мас күйде көлікке отырған адам жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 28 қарашада болған.

«Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, артынша тұрақта тұрған үш көлікті соққан. 42 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 20 жастағы көлік жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

<

Пікірлер