Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қарт әйелді қағып кетті

1124
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қарт әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желілерде Жароков пен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткені түсіп қалған видео пайда болды.

Алматы полициясы жол апатының 29 қараша күні сағат 08:30-да  Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

«Hyundai Creta және Mercedes көліктері Сәтпаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароковқа қарай солға бұрылып келе жатқанда, Hyundai  көлігі Mercedes-тің артқы жағына соғылған. Соқтығыстан бір адам зардап шекті. Азаматша ауруханалардың біріне жеткізілді», - деп хабарлады полиция.

Полицейлер бұл факті бойынша Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Пікірлер