Қырғызстанда сақал қойып, паранжа кигендерге айыппұл салынбақ

2199
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз депутаттары бетін жауып тұратын киім киюге және көлемді сақал қоюға тыйым салуды ұсынды. Заңға енгізілген тиісті түзетулер қазірдің өзінде қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Негіздемеде атап өтілгендей, заң жобасы «қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі мен жеке басын сәйкестендіру және азаматтардың құқықтарын сақтау арасындағы теңгерімді сақтауға» бағытталған.

«Ол мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруді шектейтін паранжа (бетті жабатын мұсылмандық киім) және көлемді сақал тағудың алдын алу және жолын кесу үшін әзірленген. Айта кету керек, мұндай заңдар адам құқықтарының негізгі қағидаттарын, соның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке бас бостандық заңын құрметтеуге тиіс», - делінген құжатта.

Қоса кетсек, шетелдіктер мен дипломаттардың сақалдарына қатысты тыйым салу оларға қолданылмайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер