Сотты болған ресейлік журналист Қазақстанға депортацияланды

1172
Adyrna.kz Telegram
Фото: properm.ru
Фото: properm.ru

Properm.ru сайтының мәліметінше, Ресейдің Пермь қаласында полиция басылым тілшісі Владислав Иваненконы ұстаған. Бұл туралы басылымның өзі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сайт ақпаратына сүйенсек, Иваненкода Қазақстан азаматтығы бар. Ресейде тұрып келе жатқанына 8 жыл болған. Ұсталмай тұрып, журналист ықтиярхатының күші жойылғаны жөнінде хабарлама алған.

Белгілі болғандай, журналист 9 қарашада ұсталды. Біраз уақыт бұрын ол Ресей ІІМ-нің Пермь өлкесі бойынша бас басқармасынан тұруға ықтиярхатының күші жойылғаны туралы хабарлама алған.

"Владислав Иваненко бұрын-соңды әкімшілік не қылмыстық жауапқа тартылмаған. Properm.ru редакциясы ішкі істер министрлігінің Пермь өлкесі бойынша бас басқармасының өтінішінде көрсетілген – ықтиярхат күшінің жойылуына негіз болған жайттар ойдан құрастырылған деп санайды. Одан бөлек, шешімге қатысты заңмен белгіленген мерзімде шағым түсірілген. Құқық қорғау органдарының әрекеті заңсыз, артық деп есептейміз және қызметкер мен редакцияға қысымды тоқтатуды талап етеміз" деп жазылған редакция мәлімдемесінде.

Ұсталғаннан кейін Иваненко шетелдіктерді уақытша ұстау орталығына жеткізілді.

Сот оның тұруға ықтиярхатының жою туралы шешімді тоқтатқанына қарамастан, кеше Иваненко Екатеринбург әуежайына жеткізіліп, Қазақстанға жер аударылғаны белгілі болды.

Бүгін, 14 қарашада Пермьнің Киров аудандық сотында осы іс бойынша отырыс өтуі керек еді.

"Біз құқық қорғау органдарының әрекеттерін заңсыз деп санаймыз. Біз не болып жатқандығы туралы ресми түсініктеме талап етеміз. Сондай-ақ, тілшімізді соттарда қорғауды жалғастырамыз", - деді Properm.ru бас директоры Денис Вихров.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер