Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада жеңіске жетті

1551
Adyrna.kz Telegram

Робототехника бойынша Панама қаласында өткізілген дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында қазақстандық оқушылар жеңімпаз атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды«Адырна» ұлттық порталы.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары бақ сынаған.

Дода мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехникадан дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар:

  • 2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында – астаналық 10-сынып оқушылар Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;
  • 3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында – Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;
  • 3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында – Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Айталық, дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер