Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлап, ауруханаға түсті

1382
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан скиншот
Фото: видеодан скиншот

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлап, салдарынан басынан соққы алған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

КТК арнасының мәліметінше,  Таразда көлік бағдаршамға түйісіп, жол апаты орын алған. Бағдаршам келіншектің басына түсті. Соның салдарынан болашақ ана құлап, есін жоғалтқан. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде орын алып, бақылау камерасына түсіп қалған. 21 жастағы келіншек жолды кесіп өтпек болып, бағдаршамның жасыл жанғанын күткен. Осы кезде көлік бағдаршамға қатты жылдамдықпен келіп, ол жүкті әйелдің басына құлаған.

Полиция қашып кеткен жүргізушіні тапты. Көлік айып тұрағына жеткізілді, ал ер адамға бірден екі айыппұл салынды.

“2002 жылғы келіншек апатқа ұшырап, таңертең ауруханаға түсті. "Ми шайқалу" диагнозы қойылып, нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Маңдай аймағының тері астында гематома пайда болдыы. Отасыз толық жазылады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүктіліктің 10-аптасы жалғасуда”, – деп мәлімдеді Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер