Қамауға алынған әйел ауруханадан қашып кетіп, қайта ұсталды

3299
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Қамауға алынған қазақстандық әйел аурухана палатасынан төсек жаймаларын пайдаланып қашпақ болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол инспектор-психолог, әділет лейтенанты Ж. есімді күзетшімен бірге палатада болған.

«Таңғы сағат 4 шамасында ұсталған азаматша күзетшінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, екі төсек жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы сыртқа шығып, қашып кеткен. Кейін ол ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қайта орналастырылды», – деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Дау туғызған бұл оқиғадан кейін палата есігінің алдында кезекшілікте тұрған аға сержант Р. жұмыстан босатылған. Ол жұмыстан босатылуына келіспей, ҚАЖК-не қарсы сотқа қайта жұмысқа орналастыру туралы шағым түсірген.

Жергілікті соттар арызды қанағаттандырудан бас тартып, жұмыстан босатудың заңдылығын көрсеткенімен, Жоғарғы сот істі қайта қарап, сержанттың арызын қанағаттандырды.

«Талапкер (еркек) әйелді күзетуге міндетті емес еді. Себебі ереже бойынша, егер ауруханаға күдікті немесе айыпталушы әйел орналастырылса, оны күзетуге әйел күзетші тағайындалады. Сонымен қатар, қамауға алынған әйелді күзету барысында заң бұзушылықтарға жол берілген. Ол торы жоқ терезелері бар палатаға орналастырылған және жеке есігі болмаған», – деп түсіндірді Жоғарғы сот.

Пікірлер