Жеті жылда алғаш рет. Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан қолаға қол жеткізді

2828
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцин қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайда өткен Гран-приі-2023 турнирінде қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров медаль жеңіп алды.

Қысқа бағдарлама барысында мәнерлеп сырғанаушы 89.94 ұпай жинап, үшінші орынға ие болған. Кездейсоқ бағдарламада Шайдоров 174.52 ұпай жинады.

Қорытынды нәтижеде Михаил Шайдоров 264.46 балл ееншілеп, оған қола медаль бұйырған. Ол Франция спортшысы Сяо Ким Фа мен жапондық Шома Уноға жол берді.

Еске сала кетейік, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жеті жылда алғаш рет Гран-при кезеңінде медаль жеңіп алды. Қазақстан үшін бұл Гран-при кезеңінде қол жеткізген медаль тарихтағы үшінші жүлде.

Бұған дейін Францияда 2014-2015 маусымында қола және екі жылдан кейін күмісті жеңіп алған Денис Тен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер