“ҚазАвтоЖол" басшысының “өз еркімен” қызметінен кеткені расталды

1223
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бүгін мен өз еркіммен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетемін. Екі жылға жуық уақыт бойы әріптестерімізбен бар күш-жігерімізді ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтауға жұмсадық. Орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық жол желісінде тоқтап тұрған бірде-бір жоба жоқ деп нық сеніммен айта аламын", – деді Мейірхан Қасымбаев.

Қасымбаевтың айтуынша, ол басшылық еткен екі жыл ішінде 7 миллион тонна асфальт-бетон қоспасы төселген, бұл шамамен 2,5 мың шақырым жаңа асфальт. 

"Жол саласы ел басшылығы тарапынан да, тұрғындар тарапынан да талай рет сынға алынғаны жасырын емес, былайша айтқанда, жүйелі түрде шешімін табуды қажет ететін түйткілді мәселелер көп", – делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы-Қорғас тас жолындағы пенопласты алып, олқылықты көрсеткен журналист Диас Нұрақынның жазбасын жариялаған едік. Жазбада журналист үстінен арыз түскен соң, басшы орнынан кеткені айтылған.

Пікірлер