«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жаңа басшысы үндеу жасады

1340
Adyrna.kz Telegram

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жаңа басшысы Вадим Басин видео үндеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің тапсырмасымен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын тізгіндеген Вадим Басин видео үндеу арқылы алдағы жоспармен бөлісті.

«Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туған-туыстарымен кездескен кезде инвестормен серіктестік тоқтайтынын жариялады. Сонымен қатар, компанияның бүкіл ұжымына хабарланғаны – еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, ештеңе қысқармайды, алынып тасталмайды. Сол шарттар қалады әрі әлбетте, оларды жетілдіру істері қарастырылады. Бұл –  компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуде керекті шарт. Сол себепті ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, команданың бірде-бір мүшесінің құқығы шектелмейді», – деді Вадим Басин.

Жаңа басшының айтуынша, көмір кендерінде ең басты назар қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ.

Соңғы ақпарат бойынша қырық үшінші кеншінің денесі табылды.

Пікірлер