2024 жылдың 1 қаңтарында кәмелетке толмаған барлық балаға бірдей қаражат аударылады - Қаржы вице-министрі

2044
Adyrna.kz Telegram
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

2024 жылдың 1 қаңтарынан Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50 пайызы барлық 18-ге толған балаларға теңдей бөлінеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2024 жылдың 1 қаңтарында елдегі кәмелетке толмаған барлық балаға бірдей қаражат аударылады. Ал аударымды 18 жасқа толған бала ғана шеше алады. Яғни қазір 17 жастағы балалар келесі жылы бір реттік төлемді ғана алады. Жыл сайын ақпан айында төлем жасалып отырады. Қазір 16 жастағылар екі реттік төлемді ала алады, - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

2023 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 7 миллион адамды құрады. Бірақ бұл көрсеткіш келесі жылдың 1 қаңтарына дейін өзгеретіні белгілі. Сондықтан сома көлемі тек 2024 жылы 18 жасқа дейінгі барлық баланың саны анықталғанда белгілі болады.

Ата-аналар ақша аударымын БЖЗҚ-ның сайтынан баланың ЖСН-ін теру арқылы біле алады. Ол жерде жылына қанша ақша аударылғаны көрсетіліп тұрады. Ал бірнеше жылда жиналған жиынтық соманың қанша болғанын білу үшін egov.kz-тегі жеке кабинетке кіру қажет болады, - дейді Дәурен Темірбеков.

Пікірлер