Бас министр ТМД және ШЫҰ үкімет басшыларымен кездесу үшін Бішкекке барды

1294
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтік деңгейдегі бірқатар ірі іс-шараларға қатысу үшін Бішкек қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Осылайша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды күшейту шаралары талқыланады.

ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда. Олардың қатарында геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, түрлі салаларда кооперация жобаларын жүзеге асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен қадамдар бар.

Пікірлер