Депутат Дәулет Мұқаев оқушыларға ұлттық нақыштағы мектеп формасын сыйға тартты

4980
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына ұлттық киім үлгісіндегі мектеп формасын тарту етті, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. Видеоны Дәулет Мұқаев өз парақшасында бөлісті. 

Астана қаласы N89 мектеп-лицейінің 2 “в” сыныбының оқушылары ұлттық нақыштағы мектеп формасын киді. Депутат өз жазбасында аталған бастаманың ата-аналардың бірауыздан келісімімен іске асқанын айтты. Сынып жетекшілері Теңдік Сәрсенқызының ұлтжанды, патриот жан екенін де атай кетті ол:

“Өткен айда ата-аналар жиналысында балаларымыз осылай ұлттық нақышта киінсе қалай болады екен деп өзара дауысқа салып едік, ешкім қарсы болмады. Ұлттық киім, тіл, қазақ десе арқам қозып кететінім бар емес пе. Бұл менің 30 оқушыға жасаған жеке сыйлығым. Республика күніне орай дайын болса екен деп жүр едім, үлгердік. Сыныптың белсенді ата-аналарына рақмет. Себебі менікі тек демеушілік)) ал оны ұйымдастыру, келісу, өлшеу ол бір үлкен жұмыс. Жетекшіміз Теңдік Сәркенқызы өте патриот ұстаз. Сынып тек қазақ тілінде сөйлейді. Бүгінгі таңымыз осылай басталды. Келе жатқан РЕСПУБЛИКА күні құтты болсын” деп жазды ол.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер