НҰРТАЙ ЕРНАЗАР: Шона ағамыз секілді балаларды келесі жылдан бастап қазақша оқытайық деп ел болып үгіт жүргізейікші...

1531
Adyrna.kz Telegram

Пәленбай арап мемлекеттері бар, бастары бірікпейді деп айыптап жатыр біздің қазақтар. Оларды қайтеміз деймін де, бір елде тұрып, бары-жоғы он үш млн қазақтың басы бірікпейді. Егер табан астынан бірігіп кетсек бар ғой, тіл мәселесі бір-ақ жылда шешілер еді.

Әр қазақ мен баламды қазақша оқытамын деп тұрып алса, үкімет не істей алар еді, көнеді ғой, басқа қолынан не келеді. Ол секілді жақпаған билікті де, басқаны да орнына қояр еді-ау!

Бірақ сол бірлік арман болып тұр ғой.

Баяғы қазақ білімсіз болды, аңғал болды дейміз, ендігіміз не?

Баламызды өз тілімізде оқытуға санамыз, ұятымыз, намысымыз, біліміміз жетпейді. Бірақ өзімізді ақылды санаймыз. Ал, кәнеки, бір кездегі Шона ағамыз секілді балаларды келесі жылдан бастап қазақша оқытайық деп ел болып үгіт жүргізейікші. Өзін қазақпын деген ұлтшыл адам он отбасыға үгіт жүргізсін. Елеусіз ғана нәрсе ғой, бірақ нәтижесі керемет болуы мүмкін. Күресетін ең үлкен мәселе осы ғой, ағайындар.

 

Нұртай Ерназар

 

 

 

Пікірлер