Оңтүстік Кореяда 20 жастағы қазақ қызын жезөкшелер үйіне сатып жіберген

2217
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция шетелдік әйелдерді Оңтүстік Кореяға алдап шақырып, лас әрекеттермен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты құрықтаған.

Қылмыстық топтың ісі Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралып, қылмыскерлерге "шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі" деген айып тағылды.

Оңтүстік Кореяда екі айыпталушы елге кіру тәртібінің күрделі болуын ескеріп, Қазақстан азаматтарын нысан ретінде көздеген. Солай қасақана қазақ әйелдерін іздей бастаған.

Қылмыстық топ әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы қазақстандық бойжеткенмен танысып, оған Кореяда жұмыс табуға көмектесетінін айтып сендірген. Алайда Кореяға барғаннан кейін қазақстандықтың төлқұжатын алып, оны зорлап, видеоны таратамын деп қорқытып, қызды жезөкшелер үйіне берген.

«Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді», – деп жазылған жергілікті басылымда.

Ең сорақысы, қылмыстық топ құрамында 40 жастағы Қазақстан азаматы болған. Жас қазақ қызын жұмысқа орналастыруға кепілдік берген де сол қазақстандық азамат екен. Сот үкімімен айыпталушылар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер