Атағы жер жарған әйгілі кутьюре Кристиан Диордың музасы, қазақ қызы Алла Елшіннің бейнесі белгілі бренд Dior сөмкелерінде бейнеленді. Бұл туралы белгілі қазақстандық экономист, дипломат және сән тарихшысы Берлин Иришев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Берлен Иришевтің мәліметінше, қазақ аруының бейнесі әлемнің 82 еліндегі дүкен витриналарында пайда болды.
Алла Елшіннің бейнесі бренд тарихының бір бөлігіне айналды. Оның есімі аты аңызға айналған сән үйі Dior және Алланың портретімен безендірілген “Lady Dior” сөмкелерінің жаңа нұсқасының шығуының арқасында әлемдік аренада қайта жарқырап тұр.
Фото: Берлин Иришев
Қол сөмкесінің құны шамамен 6 мың еуроны құрайды және бұл 30 жылда алғаш рет иконалық сөмкеде сурет пайда болды. Бұрын ешбір модель мұндай құрметке ие болмаған.
Енді Алла Елшіннің портреті Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі әлемнің 82 еліндегі Dior бутиктерінің сөрелерінде ілінетін болады.