Қашқын банкир Мұхтар Әблязов өзін саяси қуғын-сүргіннің құрбаны ретінде танытып жүрген Қазақстандағы жақтастары жайлы кадр сыртында жағымсыз пікірін айтты, деп жазады "Адырна" порталы. Видео "Злобная татешка" телеграм арнасында жарияланды.
Tik Tok желісінде халықты митингке шығуға шақырған кезекті тікелей эфирден кейін Әблязовтың көмекшісі камераны өшіруді ұмытып кеткен.
Оны ешкім тыңдамайды деп сенген экс-банкир өз жақтастары туралы дөрекі сөйледі.
«Мына қойлар қанды ішті! Үш жылдан бері шығыңдар деп қақсап келем! Ешкім тыңдамайды» деп ызаланады.
Еске салайық, 2021 жылдың сәуір айының соңында Республика алаңында 10 сағаттан астам аязда қауіпсіздік күштерінің қоршауында болған ҚДТ партиясы (Қазақстанның Демократиялық таңдауы) мүшелерінің митингісінен кейін Әблязов жақтастарынан «жөргек киіп жүр ме?» деп сұраған болатын.
Осыдан кейін экс-банкир әлеуметтік желі қолданушыларының көп сынына ұшырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram