Сеулдегі митинг. Юн Сок Ёльдің жақтастары тәртіпсіздік ұйымдастырды

1298
Adyrna.kz Telegram
Фото: Yonhap
Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің жақтастары митингке шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке басып кірген. Кейбіреулері полиция қызметкерлеріне қарай пластик орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған.

Полиция президенттің жақтастары митинг өткізген аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, сенбі күні сотта тыңдау өтіп жатқан ғимараттың маңына мемлекет басшысын қолдауға шамамен 44 мыңға жуық адам жиналған. ОЛар Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың жалауларын ұстап алып, президенттің атын айтып айғайлаған. Кейбір наразылық білдірушілер жыласа, басқалары полициямен қақтығысқа түскен.

Тыңдау аяқталғаннан кейін Юн тергеу изоляторына оралу үшін сот ғимаратынан шыққанда, оның жақтастары тергеушілерге тиесілі болуы мүмкін көліктерді бөгеп, оны қамауға алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасын таратуға шақырған.

Олар көліктердің есік тұтқаларын зақымдап, дөңгелектерін тескен.

Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль "бүлік жасады" деген айыппен қамауға алынған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мгновенный способ вернуть потенцию - выпить на ночь 1 ложку...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер