Азия ойындары. Қазақстандық спортшы ескек есуден күміс медаль еншіледі

1111
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден қазақстандық Анастасия Ананьева күміс медальға ие болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Анастасияның көрсеткіші – 119.29 . Осылайша қазақстандық спортшы екінші орын иеленді.

Бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, қола медаль жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59) бұйырды.

Айта кетсек, слаломда ескек есуден ел құрамасы қоржынына екі қола медаль түскен. Медальдар кестесінде ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 9-ы алтын, 19-ы күміс және 41-і қола.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер