Әлем чемпионы жапон боксшысынан жеңіліп қалды

2695
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қола медаль алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапон боксшысы Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.

Ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевтан төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта жеңіліп жатып, ақыры нокаутқа жіберген Асланбекке жанкүйерлер осы Азия ойындарында үлкен үміт артқан еді.

Севон Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қаша жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, 1-раундта 5 төрешінің үшеуі Асланбекті басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді. Есеп – 2:3.

Енді Севон Окадзава алтын жүлде үшін тайбэйлік Кан Чиа Вэймен жұдырықтасады.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер