“Берген аяқ киімдері жыртылып қалды”. Спортшы Азия ойындарындағы Қазақстан формасының сапасыздығын айтты

2930
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшы Әнуар Халықбергенов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында берілген спорттық жабдықтардың неліктен сұмдық жағдайда екенін  түсіндірді, деп жазады "Адырна". Спортшы бұл туралы ZTB.KZ редакциясында бөлісті. 

Ол видеода берілген спорттық формаларының матасының сапасы өте нашар, киім өлшемінің дұрыс емес әрі кроссовкилерінің екінші күні-ақ жыртылып қалғанын айтты.

"Спорт формасында Қазақстан туын қараңыздар. Екінші күн кидік, қазір жабысқандары ашылып, түсіп қалған. Шалбарларының сұры мынау" деді ол өзіне тым үлкен өлшемді киімін көрсетіп.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тау-велосипед құрамасының өкілі Алина Сарқұлова да Азия ойындарында біздің спортшылар бақ сынайтын спорттық киімдердің сапасыздығына шағымданған болатын. Спортшының айтуынша, форма тігістерінің сөтіліп кеткенін, ол кроссовкамен екі рет қана жүре алғанын айтқан. Алина форманы «бір реттік» деп атады.

Айта кетейік, Спортты дамыту дирекциясы қазақстандық спортшылардың формасына қатысты дауды назардан тыс қалдырмайды. Азия ойындарынан кейін отандық спортшылардың түрлі жарыстарда өнер көрсетуі үшін спорттық құрал-жабдықтарды жасау мәселелерін зерттейтін комиссия құрылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер