Қазақстандағы шулы резонансқа байланысты «Камызяки» КВН командасының концерттері тоқтатылды

2357
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы жағымсыз резонансқа байланысты «Камызяки» КВН командасының концерттері тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" порталын. Бұл туралы VI Project продюсерлік орталығы айтты.

«Камызяки командасының әртістерінің сенсациялық әрекеттері туралы қоғамдық жағымсыз пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылар @vi_project_kz_ және @livent.kz командасы Камызяки командасының Қазақстандағы жеке концерттерінің бүкіл турын тоқтату туралы шешім қабылдады. Билеттерді қайтару мәселесі бойынша сатып алған билет операторларына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген бейсенбі күні хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 5 қазанда Алматыда және 7 қазанда Астанада өтетін «Камызяки» концерттерін тоқтату туралы петицияға қол жинау басталған болатын. Петиция авторлары КВН командасы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдады, ал «Камызяк» командасының капитаны Азамат Мұсағалиев қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровпен бірге ресейлік ТНТ арнасында қазақ тілін келемеждеді делінген болатын.

13 қыркүйекте Kino.kz және Ticketon сайттарында Камызяки командасының концертіне билеттерді онлайн сатып алу мүмкін емес екені белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер