«Ресей барлық құралды қолданады». Путин Астанадан Батысқа ескерту жасады

1343
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Егер Украинаға ядролық қару берілсе, Ресей дереу барлық ықтимал соққы құралдарын қолданатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарын қорытындылай отырып мәлімдеді.

«Сіздер қалай ойлайсыздар — ақылға қонымды тұрғыда, — біз қазір іс жүзінде соғысып жатқан мемлекет ядролық державаға айналса, біз не істеуіміз керек? Бұл жағдайда Ресейдің қолындағы барлық құралдарды — мен мұны ерекше атап өткім келеді, — дәл барлық соққы құралдарын қолдануымыз керек болады. Барлығын», – деп мәлімдеді РФ президенті.

Ресей басшысы сондай-ақ Украинаға ядролық қару беру сценарийіне жол берілмейтінін атап өтті.

«Украинаға ядролық қару беру туралы тек жауапсыз адамдар айта алады», - деді.

Бұған дейін New York Times газеті АҚШ пен Еуропаның кейбір шенеуніктері Украинаға ядролық қару беру немесе ел аумағында конвенциялық қару қорларын орналастыру мүмкіндігін талқылағанын хабарлаған еді.

Бұл идеяға РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев «мұндай ұсыныс авторлары паранойямен ауырады» деп жауап берді. Ал Ресейдің сыртқы істер министрлігі мұндай қадам жанжалдың бақылаусыз ушығуына алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Пікірлер