ҰҚК: "Түркістандағы Ясcауи кесенесін жару әрекетінің жолы кесілді"

3222
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lola Chatz
Фото: Lola Chatz

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев биылғы жылы еліміздің аумағында жасалған лаңкестік әрекеттерге тоқталып өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Осы кезеңде терроризм қаупінің күшеюі тікелей Қазақстанда тұрақты болып отыр. Жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады, - деді Руслан Сейсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы (ШЫҰ АТҚ ) кеңесінің 40-шы отырысында.

Сондай-ақ, ол өткен бірнеше оқиғаға мысал келтірді.

- Тек биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясcауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адам көп жиналатын жерлерде қарулы шабуылдың жолы кесілді. Бізге келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге террористік қауіптердің қалыптасуы бірқатар басым факторлардың әсерінен орын алады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.

Айта кетейік, отырысқа Қазақстан  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев та қатысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер