Апта басындағы ауыс-түйіс: Кімдер кетті? Кімдер келді?

2092
Adyrna.kz Telegram

1 қыркүйекте Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.  Кезекті жолдау «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталды. Мәжіліс пен Сенат бас қосқан жиында Қазақстанның ішкі әрі сыртқы саясатына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді.

Президент жолдаудан соң бірқатар министрді қызметтен босатса, енді бірін қайта тағайындады. Үкіметте Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен 5 министрлік құрылды.

Одан бөлек, аптаның алғашқы күнінде билікте бірнеше ауыс-түйіс болды.

Президент жарлығымен Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босатылды. 1972 жылы туған азамат бұл қызметке өткен жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Ұлттық банктің төрағасы ретінде Тимур Сүлейменов тағайындалды. Президент ұсынысын сенаторлар бірауыздан қолдаған.

Ауыл шаруашылығын 2 жыл басқарған Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. 2021 жылдың күзінде министрлікке келген Ербол Шырақпайұлы өткен жылы қайта тағайындалған еді.

Қарашөкеевті Айдарбек Сапаров алмастырды. Ауыл шаруашылығы министрі қызметінде тағайындалған жаңа басшы бұрын Солтүстік Қазақстан облысын басқарды.

Президенттің жаңа кеңесшісі болып Қанат Бозымбаев сайланды. Ол 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін Алматы облысы әкімі қызметін атқарды.

Жаңадан құрылған министрліктің бірі Су ресурстары және ирригация министрі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің көмекшісі қызметіне Ерсін Өтебаев келді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер