Экс-министр Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды

2144
Adyrna.kz Telegram
Бұрындары ҚР ұлттық экономика министрі болған Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген, сол жылы халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Йонкопинг Бизнес мектебін халықаралық экономика саласындағы ғылым бакалавры дәрежесімен аяқтаған. Йорк және Ноттингем университеттерінің экономика ғылымдарының магистрі және философия магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін - Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.
  • 2013 жылы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымдарын атқарған. Аталған құрылымда 2016 жылдың басына дейін вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.
  • 2016 жылғы ақпан айында ҰЭМ жанындағы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.
  • 2016 жылғы қазан айында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.
  • 2017-2018 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған.
  • 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы наурыздан тамыз айына дейін ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
  • 2019-2021 жылдары ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымын атқарды.
  • 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін ҚР ұлттық экономика министрі.
  • ҚР президентінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер