Жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас айыппұл арқалады

2585
Adyrna.kz Telegram

Әнші Қайрат Нұртас Қордай ауданында жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Халықтың сүйікті әншісіне айналған Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережесін бұзған. Әншінің көлігін халық сырттай түсіріп алған. Желіде тараған кадрда:

«Қайрат Нұртас Жамбыл облысының Қордай ауданына келіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Бұл үшін бірінші кезекте жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған», - делінген.

Әншінің бұл әрекеті тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмаған. Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөзінің хабарлауынша Қайрат Нұртасқа 10 350 теңге көліменде айыппұл салынған.

"Аталмыш факт ағымдағы жылдың 25 тамызында Алматы-Ташкент тас жолының 215 шақырымында, Қордай ауданы аумағында орын алған. 601-бап бойынша ("Жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамау") әкімшілік хаттама толтырылды. «ҚР ӘҚБтК бойынша 10 350 теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша Полиция департаменті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер