Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен кетті

1940
Adyrna.kz Telegram

Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген.

Қарағанды ​​экономикалық университеті, Тулейн университеті, Гарвард университетінде тәлім алған.

2009-2014 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары - Сүлеймен Демирел университетінің ректоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметін атқарды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер