200 гектар аумақ. Жамбыл облысында құрғақ шөп өртенді

2269
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жамбыл облысындағы "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" аумағында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 2023 жылғы 2 тамызда Меркі ауданы Ақтоған ауылынан 20 км жерде таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанған.

“Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

Өртті сөндіру үшін Қазорманавиа күзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылдырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер